
Құрметті біздің сайтқа кірушілер!!!
Астананың жергілікті атқарушы органы - Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми WEB-сайтына Сіздердің кіргендеріңізге шын жүрекпен қуаныштымын. Осы сайтты аша отырып, Сіздер біздің басқарма және оның құрылымдарының қызметтері, қаланың экологиялық жағдайы мен бұдан кейінгі экологиялық дамуы туралы толық ақпарат ала аласыздар. Қазіргі кезде экология мен табиғи ресурстарды қорғауға үлкен мән берілуде. Осыған байланысты жаңа технологияларды енгізу - ресурс үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің бірден-бір шешімі. Басқарма бұл мәселелерге үлкен көңіл аударады. Басқарманың ресми WEB-сайты оның кірушілері үшін сенімді көмекші және ақпарат көзі болады деп сенемін. Барлықтарыңызды келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесімен құттықтаймын, ҚР өркендеу істерінде творчествалық табыс тілеймін.
Іргебаев Мұрат Спанқұлұлы
Астана. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісін таратты.
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты концультация өткізді.
Астана. Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстанның ақша бірлігі - теңге өзінің «кәмелеттік жасқа толуын» атап өтуде. Елдің Ұлттық валютасы 15 қараша күні 18 жасқа толды.